Техаста жасанды түсік жасауға қатысты заңның күші уақытша тоқтатылды

Жасанды түсік жасату туралы заң уақытша тоқтайды. АҚШ-тың Әділет министрлігінінің арызынан кейін Техас штатының федералдық аймақтық соты осындай шешім қабылдады.

Негізі 1 қыркүйектен бері мұнда жүктілік мерзімі 6 аптадан асып кеткеннен кейін түсік жасатуға тыйым салынған. Ережеге тіпті жыныстық зорлауға ұшыраған әйелдер де бағынуға тиіс. Кез келген адам жасанды түсік жасатқан әйелге көмектескен азаматтардың үстінен сотқа арызданып, 10 мың доллар өтемақы талап ете алады. Алайда көпшілік Техас штатында қабылданған бұл заңды тым қатаң деп санап, алды ереуілге шығып жатыр. Бұл жағдай конституцияға қайшы келеді деген АҚШ-тың Әділет министрлігі де штатқа қарсы арыз түсірген.

Сондай-ақ...