Дрон мен андроид біріктірілген робот жасап шығарылды

Калифорния инженерлері дрон мен андроидты біріктіріп, робот жасап шығарды. Өнертапқыштар оған Леонардо деп ат қойған. Ол жүреді, скейтборд тебеді және ұша алады. Роботтың аяқ-қолынан бөлек иығында төрт қалақ бар. Соның арқасында ол аспанда тепе-теңдік сақтай алады. Ғалымдар болашақта Леонардоның көп пайдасы тиетінін айтады. Мәселен, ол адам үшін қиын әрі қауіпті жұмысты атқара алады. Алайда бір қиындық бар. Роботтың жаппай өндірісі үшін инвесторлар жетіспей жатыр.

Сорина Лупу, Калифорния Технологиялар университетінің студенті:

- Леонардо күрделі тапсырмаларды орындай алады. Мәселен, ол жоғары кернеулі электр сымдарын тексереді. Немесе биік көпірлерді сырлай алады. Мұнымен қазір адамдар айналысады. Алайда бұл жұмыстың қаншалықты қауіпті екенін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан болашақта оларды Леонардо секілді роботтар алмастырса, жасқы болар еді. 

Патрик Спилер, зерттеуші

- Роботтардың қолданылу аясы кеңейіп келеді. Олардың түрлі заттарды тасуда не үй шаруасында көп көмегі тиіп жүр. Енді Леонардо секілді роботты адамның жетуі үшін қиын аймақтарға жіберіп отырсақ болады. Мәселен, біз оны ғарышқа аттандыру жағын қарастырып жатырмыз.