Аяқсыз альпинист Гималайдың шыңын бағындырды

Аяғы жоқ альпинист Рустам Набиев әлемде алғаш болып Гималай тауындағы Манаслу шыңына шықты.

Шыңның биіктігі - 8163 метр. Экспедиция 34 күнге созылған. Осы уақыт ішінде Уфа тұрғыны 29 жастағы Рустам 35 шақырымды еңсеріп, арнайы қайламен мұз бен қасат қарды 105 мың рет ұрған. Спортшы шыңға 6 күнде мініп түсті. Рустам Омбыда 2015 жылы әскери қызметте жүргенде құлаған казарма ғимаратының астында қалып, 2 аяғынан айырылған екен. Ол бұл рекордын өзі 1 жаста болғанда өмірден озған анасының рухына арнады. Параальпинист Ресейге 10 қазанда оралады.  

Рустам Набиев, параальпинист:

- Не істегенім туралы көп ойландым. Ақыры қолдан келмес, адам сенбес шаруаны тындырғанымды енді ғана сезініп жатырмын. Расы керек, тәнім әбден қалжырады. Бірақ осы ісім арқылы алған бетіңнен қайтпай, тынымсыз әрекет етсең, бүкіл мақсатқа қол жеткізуге болатынын көрсеткім келді. Бұл мені қарап отырған адамдарға арналған бір миссия сияқты.

Сондай-ақ...