IBM компаниясы қызметкерлерін вакцина алуға міндеттеді

Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі - IBM барлық қызметкерін толық вакцина салдыруға міндеттеді.

Соңғы мерзім - 8 желтоқсан. Талапты орындамағандар ақысы төленбестен жұмыстан шығарылады. Басшылықты мұндай қатаң шараға президент Джо Байденнің жарлығы мәжбүрлеп отыр. Аталған құжат бойынша штат саны 100 адамнан кем емес мекемелер қызметкерлерінен, вакциналау куәлігін немесе апта сайын ПТР тест нәтижесін талап етуге тиіс. IBM-нен басқа Facebook, Google және Майкрософт  сияқты ірі технологиялық компаниялар да қызметкерлерін екпе алуға міндеттеді. Бұған АҚШ-та коронавирустың дельта штамының қайта өршуі себеп.

Сондай-ақ...