Сауд Арабиясы «Ньюкасл Юнайтед» клубын сатып алды

Әлемдегі ең бай жекеменшік қор саналатын Сауд Арабиясының Тәуелсіз инвестициялық қоры Ұлыбританиядағы «Ньюкасл Юнайтед» футбол клубын сатып алды.

Қор клуб үшін 300 миллионнан астам фунт ұсынған. Ұлыбритания Премьер-лигасы оны бұл қорға тек ұйым клубтың Сауд Арабиясы билігі бақылауына көшпейтіні туралы кепілдік берген соң келіскен. Себебі қор жекеменшік болғанымен Сауда Арабиясы ханзадасы Мохамед бен Салман басқарады. Ал ағылшын клубының жанкүйерлері клубтың жаңа қожайын қолына өткеніне дән риза. Өйткені 14 жыл бойы ағылшын миллиардері Марк Эшлидің қол астында болған «Ньюкасл Юнайтед» құрамасы азып-тозып кеткен еді. Бірнеше рет ел Премьер-Лигасынан шығып қалған клуб, қазір лигада соңғы орында тұр.