Ковидпен ауырып жазылған адамда бір жылда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін

Коронавируспен ауырып жазылған адамдарда, бір жылдан соң жүрек ауруы пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы АҚШ-тағы Сент-Луис клиникалық эпидемиологиялық орталығы ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасаған «Блумберг» агенттігі хабарлады.

Сарапшылар ковид жұқтырып, ем-домнан кейін сауыққан 151 мың 195 қарияның денсаулығын зерттеп, олардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 39 процентке жоғары екенін анықтаған. Сондай-ақ зерттеу барысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатып шыққан, әрбір жетінші науқастың жүрегінің ауырғаны белгілі болды. Ғалымдар әзірге ковид-19 салдарынан жүрекке қалай зақым келетінін толық зерттеп біткен жоқ. Әзірге дәрігерлер оқшауланудан туындаған стресті жағдай, қаржылық қиындықтар, физикалық белсенділіктің төмендеуі мен қайғы-қасірет жүрекке ауыр салмақ салуы мүмкін деп топшылайды.

Сондай-ақ...