Жапонияда жер сілкінісінен 32 адам жараланды

Жапонияда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты кей аймақта 6 балдан асты. Ең қатты жерасты дүмпулері Токио мен оған іргелес Тиба, Сайтама және Канагава префектураларында сезілген.

Табиға апат салдарынан 32 адам зардап шеккен. Дәрігерлер 3 кісінің жағдайын ауыр деп бағалады. Қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ. Токиода жүрдек пойыз, шойын жолдан шығып кеткен. Әзірге темір жол қатынасы тоқтап тұр. Белгілісі электр желілері үзілген. Мамандар цунами қаупі төнбегенін хабарлады.

Сондай-ақ...