Сингапурда робот-полицей тәртіпті қадағалайды

Сингапурда робот-полицей пайда болды. «Хавьер» есімді құлтемір, қала көшелері мен ғимараттарындағы тәртіптің сақталуын қадағалайды.

Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. 4 дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің 7 көзі, яғни камерасы бар.

Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен. Сақшы роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы, коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта робот-полицейдің саны көбеюі мүмкін.