Грекиядағы «қызыл аймақтарда» вакцина салдырғандар үшін шектеу шаралары жеңілдетіледі

Грекиядағы «қызыл аймақтарда» вакцина салдырғандар үшін шектеу шаралары жеңілдетіледі.

Ереже 2 күннен кейін, яғни 9 қазаннан бастап күшіне енеді. Тамақтану, көңіл көтеру мекемелерінде де адам санына қатысты шектеулер алынды. Ал екпе салдырмаған азаматтар қоғамдық орындардың көбіне кіре алмайды. Вакцина алмаған мұғалімдер аптасына екі рет коронавирусқа тест тапсырып отыруға тиіс. Ал екпесі жоқ медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі.