Гонконгта алапат дауыл тұрды: қаза тапқандар бар

Гонконгта алапат дауыл тұрды. Соның салдарынан бір адам опат болды. Көз жұмған азамат құрылыс конструкцияларының астында қалып қойған.

Бұдан бөлек, екпінді жел соңы су тасқынына ұласып, бірнеше нысанға зиян келген.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті билік шаһарға қауіптің «қара» деңгейі төнгенін хабарлаған еді. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарды аса сақ болуға шақырды.