425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша жеңімпаздары анықталды

  • 112
  • UPD: 19:53, 08.10.2021
Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша жеңімпаздары анықталды

Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды.

Олар –  «Новая газета» басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист-зерттеуші Мария Ресса. Нобель комитетінің хабарламасында аталған журналистер «Ресей мен Филиппиндегі сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін» марапатталды делінген. Айта өтейін, биыл бұл сыйлыққа 95 ұйым мен 234 адам ұсынылды. Арасында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный, белорус оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановская, швед экобелсендісі Грета Тунберг болды.

Бұған дейін химия, физика, әдебиет және физиология мен медицина салаларындағы лауреаттардың есімдері аталған.

Хабар 24 телеарнасы