Британияда дайын астық далада қалды

Оны жинайтын адам жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жұмыс күші тапшы. Салдарынан диқандар егінді жинай алмай әбігерге түсуде. Тіпті келер жылы егілетін егіс көлемін қысқартуға мәжбүр. Бұл бірінші кезекте коронавирус індетінің кесірі дейді мамандар. Мәселені шешу үшін ел билігі виза санын арттырып, 30 мың мигранттың жұмыс істеуіне рұқсат берген болатын. Алайда оның өзі жеткіліксіз, дейді ауыл шаруашылығы саласының өкілдері.