Германияда қайта вакциналауға рұқсат етілді

Германияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші бустерлік дозасын салуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда әзірге оны жасы 70-тен асқан тұрғындар мен қарттар үйінің қызметкерлері ғана қабылдай алады. Қайта вакциналауға жарты жылдан кейін рұқсат етіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бұл иммунитетті күшейтеді. Сөйтіп вирус жұқтырған күннің өзінде індеттің ауыр формада өтуінен қорғайды. Айта кеткен жөн, бүгінде Германияда 54 миллион адам екпенің екі компонентін де қабылдаған. Бұл халықтың 65 проценті.

Йенс Шпан, Германия, денсаулық сақтау министрі:

– Дәрігерлер вакцина салдырғандар туралы ақпаратты уақтылы жіберіп отырмаған. Сондықтан жаңартылған деректер бойынша екпе қабылдағандар саны статистикалық көрсеткіштен жоғары болып шықты. Яғни вакциналау науқаны біз ойлағаннан да белсендірек өткен.