426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан мерт болғандар саны 100-ден асты

  • 149
  • UPD: 13:59, 09.10.2021

Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы шиіттер мешітінде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 100-ден асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестік әрекет халық жұма намазына жиналған кезде ұйымдастырылған. Жарылысқа қатысты жауапкершілікті Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр. Бұл туралы осы ұйымның телеграм каналында хабарланды.

Кеше жарылыс салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Кабулдағы мешітте де жарылыс болған еді. Ол кезде жарылыстан 5 адам қаза тапты.

 

Хабар 24 телеарнасы