АҚШ-та ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

АҚШ-тың Джорджия штатында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортта 4 адам болған, барлығы қаза тапты. Оқиға Де-Калб округіндегі әуежай маңында болған. Апаттан кейін әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ қонар кезде бір аударылып, кейін жанып кеткен. Қазір апатқа нақты не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеу ісі басталды.