АҚШ ядролық сүңгуір кемесі Оңтүстік Қытай теңізінде белгісіз затқа соғылды

Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ ядролық сүңгуір кемесі әскери оқу жаттығу кезінде су астында белгісіз затқа соғылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сай 11 әскери теңізші жарақат алған. Мамандар қазір олардың өміріне еш қауіп жоқ дейді. Қазір АҚШ-тың суасты кемесі Гуам аралындағы әскери базаға оралды. Мамандар сүңгуірді жіті тексеріп жатыр. Кеменің реакторы зақымдалмағаны белгілі.

Айта кетейік, халықаралық әскери жаттығу шарасына АҚШ, Британия, Жапония, Австралия, Канада мен Нидерланд әскери күштері мен үш авиатасымалдағыш қатысқан.