426,32 492.05 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты

  • 112
  • UPD: 16:55, 09.10.2021
Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзенінде катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты немесе із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Agence France-Presse жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Апат 5 қазанға қараған түні болған. Өзеннен 51 мәйіт табылды, 69 адам із-түзсіз жоғалған, деді Монгала провинциясының өкілі Нестор Магбадо. Ол 39 адамның аман қалғанын айтты.

Билік апаттың құрбандарын еске алу үшін 11 қазаннан бастап үш тәулікке аза тұту күнін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы