Сингапурде вакцина салғызбағандар қоғамдық орындарға кіре алмайды

Сингапур билігі вакцина салдырмаған тұрғындарға дәмхана мен сауда орындарына, туристік нысандар мен саябақтарға кіруге тыйым салды.

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп болды. Дәрігерлер елде коронавирустың жаңа толқыны басталды деп дабыл қақты.

Бұдан былай жаңа санитарлық ережеге сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарында бір үстел басында екі адамнан артық отыруға болмайды.

Статистика бойынша Сингапур тұрғындарының 80 проценті екпенің екі дозасын қабылдаған. Жергілікті билік жаңа науқастардың саны артқанымен елде карантин енгізілмейтінін мәлімдеді. Айта кетейік, жуырда бұл елде тәулігіне 3590 адам коронавирус жұқтырған.

Сондай-ақ...