АҚШ мигрант қабылдау квотасын арттырды

АҚШ президенті Джо Байден босқындарды қабылдау квотасын екі есе арттырды.

Ақ үй басшысының айтуынша, мемлекет 2022 жылы 125 мың мигрантқа елге кіруге рұқсат етеді. Айта кеткен жөн, Дональд Трамп билік басына келгенде көші-қон саясатын қатаңдатқан еді. Мәселен, 2016 жылға дейін АҚШ жылына 85 мыңға дейін босқынды қабылдаса, Трамп бұл көрсеткішті 15 мыңға дейін шектеген. Ал билікке Байден келгелі елге кіруге рұқсат етілген босқындардың саны 62 мыңға дейін артқан.

Сондай-ақ...