Ресейде ковидтен бір тәулікте 968 адам көз жұмды

Ресейде коронавирустан бір күнде 968 адам көз жұмды. Елде бұрын-соңды мұндай көрсеткіш тіркелген емес.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы 4 күн бойы вирус 900-ден астам адамның өмірін жалмап жатыр.

Статистикаға сенсек, эпидемиологиялық ахуал Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында өте күрделі. Қос шаһарда вирус жұқтырғандардың саны күн өткен сайын артып барады. Жалпы пандемия басталғалы Ресейде коронавирустан 215 мыңнан астам адам қайтыс болған.