Боливияда денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

Ел президенті Луис Арсе Боливия Әуе-қорғаныс күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, алты адамның мерт болғандығы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды RT.

«Алты адам мерт болған Пандодағы әуе апаты жаға ұстатарлық жағдай. Жауапты органдарға әуе апатының себебін анықтауды тапсырдық», – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар Луис Арсе қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

ТАСС хабарлауынша, ұшақ бортында болған Боливия Денсаулық сақтау министрлігінің 4 қызметкері мен екі ұшқыш қаза тапқан.