Татарстандағы ұшақ апатынан 16 адам қаза тапты

Татарстанның Мензелинск қаласында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар жеңілмоторлы L-410 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Хабар 24 РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, парашютистер отырған ұшақ Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көкке көтерілгеннен кейін бірден құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза болды. Тағы 7 адам жарақатпен ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр екенін айтты.

Бортта барлығы 23 адам болған (оның ішінде экипаждың екі мүшесі). L-410 ұшағының құлауына жолаушылар санының артуы себеп болуы мүмкін. Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

L410 – аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышты ұшақ. Машинаны чехословакиялық Let компаниясы 1960 жылдардың соңында жасаған. Ұшақты коммерциялық пайдалану 1973 жылы басталған.

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.