425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Иракта мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр

  • 84
  • UPD: 19:18, 10.10.2021
Иракта мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр

Сайлау учаскілері таңғы сағат жетіде ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламенттегі 329 депутаттық мандаттан 3 240 адам үмітті. Оның 900-ден астамы – әйелдер. 40 млн-ға жуық халқы бар елде 26,9 млн адам дауыс беруге құқылы. 83 сайлау округінде 109 партия мен 21 саяси коалиция бақ сынап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, халықтың билікке деген сенімсіздігінен сайлаудағы белсенділік төмен болуы мүмкін. Қазір елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Аймақтағы барлық бекет жабылды.

Айта кетейік, халықтың Үкіметке қарсы ұйымдастырған ереуілдерінен кейін билік мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді жөн көрді.

Хабар 24 телеарнасы