Чехияда сайлау нәтижесі жарияланды

Парламент сайлауы Чехияда да өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі сайлаушылардың басым бөлігі өз дауысын «Вместе» оппозициялық коалициясына берді. Оның құрамына 3 партия кіреді. Олар сайлаушылардың 27,79% дауысына ие болды. Енді 71 депутаттық мандат осы бірлестіктің өкілдеріне тиесілі. Екінші орында 27,12% дауыспен ел премьер-министрі Андрей Бабиштың АНО атты партиясы тұр. Десе де бұл партия парламенттегі 72 орынға ие болып қалды. Андрей Бабиш өз жеңілісін мойындап, қарсыластарын жеңіспен құттықтап үлгерді.

Айта кетейік, дауыс беруге құқы бар азаматтардың 65 проценті өз таңдауын жасады.