Йеменде жойқын жарылыс болды

Йеменнің оңтүстігінде орналасқан Аден қаласында жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты.

Қайғылы оқиғадан 4 адам мерт болды. Жергілікті билік қаскөйлердің қала губернаторы мен Ауыл шаруашылығы министрін нысанаға алғанын хабарлайды. Билік өкілдері дін аман. Шенеуніктердің жанында болған күзетшілері қаза тапқан. Жарақат алғандар да бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті әзірге ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі жалғасуда.