Татарстан президенті ұшақ апатының жәй-жапсары туралы айтты

Татарстанда апатқа ұшыраған ұшақ көкке көтеріле салысымен оның сол қозғалтқышы істен шыққан. Экипаж аэродромға қайта оралмақ болған. Алайда әуе кемесі қанатымен фургонды жанап өткен.

Бұл туралы Татарстан президенті хабарлады. Рустам Минниханов апат кезінде жарақат алған азаматтар жатқан ауруханаға барып, олардың жағдайын біліп қайтты. Айта кеткен жөн, оқыс оқиға кеше болған еді. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 20 парашютпен секіруші және 2 экипаж мүшесі отырған. Осы 22 адамның 16-сы көз жұмды. Алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бір науқастың халі мүшкіл. Бүгін Татарстанда осы оқиғаға қатысты аза тұту күні.

Рустам Минниханов, Татарстан Президенті:

- Арнайы штаб құрылады. Біз марқұмдарды жерлеу рәсіміне қатысты шығындарды өз мойнымызға аламыз. Қаза тапқандар арасында көрші республика азаматтары бар. Олардың денесін жеткізу бойынша қажетті материалдық көмектің барлығы көрсетілетін болады.