426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Конгода Эбола безгегі қайтадан тіркелді

  • 66
  • UPD: 09:08, 11.10.2021
Конгода Эбола безгегі қайтадан тіркелді

Конго Демократиялық Республикасының Бени қаласында Эбола безгегі қайта тіркелді.

Аймақта бұл ауру соңғы 5 ай бойы анықталмаған еді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Эболаға шалдыққан 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Кейін тест сынамасы бойынша оның Эбола безгегін жұқтырғаны анықталды. Енді мамандар ауру аймақта қайта өршіп кетуі мүмкін деп дабыл қағады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, дертті жұқтыруы мүмкін деген 100-ге жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауында.

Айта кетейік, 2018-2020 жылдары Бени қаласында Эбола безгегінен 2300 адам көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы