Ливанда электр жарығының берілуі қалпына келтірілді

Ливанда электр энергиясының берілуі қалпына келтірілді.

Мұнда сенбі күні бүкіл ел жарықсыз қалған еді. Өйткені валюта тапшылығына байланысты жанармай болмаған. Соның салдарынан екі ірі электр станциясы жұмысын уақытша тоқтатты. Энергетика министрінің хабаралауынша, Орталық банк жанармай сатып алу үшін 100 миллион долларға несие беруге келіскен. Айта кеткен жөн, Ливанда жарық жиі өшіріліп тұрады. Мұндай жағдайда тұрғындардың көбі дизельді генераторлардың көмегіне жүгінеді. Алайда елде дизель отын да тапшы.

Мохаммед Ризк, мейрамхана иесі:

- Мынадай жағдайдан шаршап кеттік. Жарық күндіз де, түнде де өшіріледі. Біз тығырықтан шығу жолдарын іздеп, өз ақшамызды жұмсап жатырмыз. Алайда бір күні жиған-тергеніміз таусылады. Сонда не істейміз?