Қытайда жолаушылар автобусы өзенге құлады

Дүйсенбіде Қытайдың Jingye Group болат өндіруші компаниясының жұмысшыларын тасымалдаған автобус жолдан шығып кетіп, Хэбэй провинциясындағы өзенге құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, апат салдарынан 13 адам хабар-ошарсыз жоғалған.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00) Шицзячжуан қаласының аумағында болған. Апат кезінде көлікте 51 адам болып, олардың 38-і құтқарылды. Қалған жұмысшыларды іздеу шаралары жалғасуда.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеуде.