АҚШ-та екі мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

Американдық «Саутуест Эйрлайнс» (( Southwest Airlines)) 2 мыңға жуық рейсті кейінге шегерді. Осыған байланысты әуежай терминалдарында ұзын сонар кезек пайда болды.

Барлығы 1 мыңнан астам ұшақ қаңтарылған. Бұл алдын ала белгіленген ұшу кестесінің 27 проценті. Әуе компаниясы бұл шешімін қолайсыз ауа райына орай ұшақтар қозғалысын басқаруда туындаған қиындықтармен байланыстырды. Бірақ кейбір ақпарат құралдары рейстерді тоқтатуға әуе компаниясында мамандардың жетіспеушілігінен болуы мүмкін деп жазды. Осының алдында «Саутуест Эйрлайнс» (( Southwest Airlines)) ұшқыштары вакциналауды міндеттеуге сот шешімімен тыйым салуды өтінген болатын.