Сиднейде карантин жеңілдетілді

Сиднейде карантин жеңілдетілді

Австралияның Сидней қаласында коронавирусқа байланысты 107 күнге жалғасқан карантин аяқталды.

Сөйтіп, бүгін мұнда сән салондары, спорттық залдар мен тамақтану орындары ашылды. Алайда мұнда тек вакцинаның екі дозасын алған азаматтар ғана кіре алады. Кейбір мекемелер түнгі 12-ден келушілер үшін есігін ашқан. Мұндай мүмкіндікті ұзақ күткен кісі қарасы қалың болды. Негізі осы Сидней қаласы орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында жасы 16-дан асқан тұрғындарының 70 проценті екпенің екі компонентін де алған екен. Биліктің карантинді алып тастауының себебі осы. Енді жоспар бойынша 1 желтоқсанға дейін вакцина салдырғандардың үлесі 80 процентке жетуі тиіс. Ол кезде шектеу шараларын тағы жеңілдету көзделіп отыр.

Кая Шакья, кәсіпкер:

- Қуанышымда шек жоқ. Бұл сәтті ұзақ күттік. Біз сақтық шараларын сақтауымыз керек. Соған қатысты алаңдаушылық бар. Бірақ бәрі ойдағыдай болатынына сенімдіміз.