425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді

  • 58
  • UPD: 16:02, 11.10.2021
Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Мексика әскери-теңіз күштері 2 жарым тоннаға жуық метамфетамин деп аталатын химиялық есірткіні қолға түсірді.

Заңсыз жүкті алып бара жатқан қылмыстық топ Энсенада қаласының жағалауына жақын жерде ұсталды.

Әскерилердің айтуынша, айдында жылдам қайықтың жүрісі күдік туғызған. Осыдан кейін патруль қайығы оны тоқтатпақ болғанда қашуға тырысқан. Ал тінту кезінде катерден 2,4 тонна метамфетамин мен 7 келі марихуана табылған.

Хабар 24 телеарнасы