Сирияда жарылғыш зат тиелген көлік жарылды

 Сирияның Африн қаласында көлік жарылып, 4 адам қаза тапты. 

Салдарынан 4 адам қаза тапты. Тағы 6 азамат жарақат алды. Зардап шеккендердің бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейін, Африн қаласы бүгінде түрік әскерінің бақылауында. Осыған дейін бұл өңірде болған шабуылдарға Сириядағы күрд жасақтары айыпталып келген.