Австрияның жаңа канцлері ел президенті алдында ант берді

Австрияның жаңа канцлері Александр Шалленберг ел президенті Александр Ван дер Белленнің алдында ант берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шара Венадағы Хофбург сарайында өтті.

Естеріңізде болса, бұрынғы канцлер Себастьян Курц өткен аптада отставкаға кеткен еді. Оған үкімет басшысы лауазымын пайдаланып, сыбайлас-жемқорлыққа барды деген айып тағылған. Кейін бұл іске қатысты тергеу басталып, Курц қызметінен кетуге мәжбүр болған.