426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

AstraZeneca COVID-19 қарсы ем әрі профилактика үшін қолданылатын дәрі жасап шығарды

  • 97
  • UPD: 09:52, 12.10.2021
AstraZeneca COVID-19 қарсы ем әрі профилактика үшін қолданылатын дәрі жасап шығарды

AstraZeneca коронавирусқа қарсы ем әрі профилактика ретінде қолданылатын әлемдегі алғашқы препарат жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа дәрі вакцина алған, бірақ иммунитетінде қажетті деңгейде антидене қалыптаспаған азаматтарды қорғауға арналған. Препарат аурудың ушығуына жол бермей, өлім қаупін әлдеқайда азайтатын көрінеді. Осыған байланысты AstraZeneca АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасынан дәріні қолдануға рұқсат беруін сұрады.

Хабар 24 телеарнасы