Түркия Сириядан төнген лаңкестік қауіппен күреседі

Түркия бұдан былай Сирияның солтүстігінен төнген лаңкестік қауіпке төзіп отыра алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онымен күресу үшін шешімді әрекет етуге дайын. Президент Режеп Тайып Ердоған шам еліндегі Күрдістан жұмысшы партиясы қарулы топтарының әрекетіне байланысты осылай деп мәлімдеді. Себебі кеше зымырандық атқылаудан кейін 2 түрік сарбазы қаза тауып, бірнеше жауынгер жараланған еді. Осыған байланысты Анкара Сирияның солтүстігі Түркияға қарсы әрекет етіп жатқан лаңкестік топтардың ошағына айналды деп айыптап отыр.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Сирияның бірқатар аймағынан елімізге қарсы жасалып жатқан әрекеттерге бұдан былай төзе алмаймыз. Біз жуық арада Сирияның солтүстігінен төнген қауіпті жою үшін қажетті шараларды қолға аламыз.