Перуде 18-ге толған жастарды егу басталды

Шара жұқпалы дерттің таралуымен күресу мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастарды вакциналау AstraZeneca препаратымен жүргізілмек. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ел астанасы Лимада соңғы аптада 1,6 миллион адам егілген. Жалпы қазірге дейін Перу халықының 47 проценті толық вакциналаудан өткен.

Адриан Кастаньеда, тұрғын:

– Басында екпе салдыруға қорыққан едім. Бірақ барлығы жақсы өтті. Өзге адамдарға денсаулығыңызды сақтап, екпе алуға асығыңыз деп айтар едім.

Сондай-ақ...