БҰҰ: Пандемия салдарынан 100 млн адам кедейлікте өмір сүріп жатыр

Коронавирус пандемиясы салдарынан әлемде 100 миллионнан аса адам кедейлік деңгейде күн кешіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде 4 миллиард адамға әлеуметтік қолдау қажет. Антониу Гуттеериш қазір жаһандық экономика қалпына келе бастағанын айтты. Алайда бай мемлекеттер оған жалпы ішкі өнімінің 28 процентін инвестицияласа, дамушы елдер үшін бұл көрсеткіш небәрі 1,8 процент шамасында ғана екен. Халықаралық ұйым басшысы сондай-ақ вакцинаның бөлінуіне қатысты да теңсіздік барын айтады. Гуттериш мырза бұл әлемдік экономиканың қалпына келуін тежейтін факторлардың бірі дейді.

Сондай-ақ...