Израиль күн энергетикасын кеңінен дамытып жатыр

Сарапшылардың айтуынша, елде бұл үшін бар жағдай жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет 2030 жылға дейін энергияның үштен бірін баламалы қуат көздерінен алуды жоспарлап отыр. Негізі, мұнда Негев шөлінде Күн институты орналасқан. Мекеме мамандары күн энергиясын электр энергиясына айналдырумен айналысады. Ұзақ жылдар бойы бұл әдістің тиімділігін арттыру мүмкін болмай келді. Алайда кейінгі уақытта жергілікті ғалымдар тиісті бағытта үлкен жетісікке жеткен. Сөйтіп қазір күн энергиясы тіпті әскерде де қолданылып келеді. Мәселен, оның көмегімен аккумуляторларды қуаттап, танк қозғалтқыштарын іске қосуға болады.

Эли Хазит, ғалым:

– Әскерилер менен дала жағдайында көп көмегі тиетін, бағасы арзан энергия көзін жасап шығару бойынша көмек сұрады. Бұрын әскери жорық кезінде жауынгерлер өзімен бірге отынды көп қажет ететін үлкен құрылғыларды алып жүретін. Қазір күн энергетикасын дамыту аясында бұл мәселе біршама жеңілдеді.

Сондай-ақ...