426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Калифорнияда ең үлкен асқабақтан әлем чемпионаты өтті

  • 110
  • UPD: 17:06, 12.10.2021

АҚШ-тың Калифорния штатында ең үлкен асқабақ бойынша әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен 48-ші мәрте ұйымдастырылып отырған сайыста Джефф Ульмейер есімді вашингтондық фермер жеңіске жетті. Шаруаның өсірген асқабағы 994 келіге жетіп, 20 мың доллардай көлемде сыйақы алды. Бұл Джеффтің алғашқы жеңісі емес. 2017 жылы вашингтондық фермер тағы бір үлкен асқабақ өсіріп әкеліп, үшінші орынды иеленген.

Джефф Ульмейер, фермер:

– Мен бұл асқабақтың ұрығын сәуір айы кезінде еккен едім. Содан жаз келе гүлденіп тез өсті. Оған жерді жақсы өңдеу мен тыңайтқыштарды дұрыс қолдану әсер етті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы