425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Босния және Герцеговина тұрғыны әйеліне айналатын үй салып берді

  • 122
  • UPD: 17:07, 12.10.2021

Босния және Герцеговина тұрғыны айналатын үй салып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Воин Кушич мұны әйелі үшін жасапты. Өйткені келіншегі терезедегі көрініс жалықтыратын айтып, жиі шағымданған екен. Сонда ер адамның ойына өз өсі бойынша айналатын үй салу идеясы келеді. Арнайы білімі жоқ Воин Кушичтың бұған 6 жыл уақыты кетіпті. Баспананың ең төмен жылдамдықта 360 градус жасап шығуына 24 сағат кетеді. Ал маскимал жылдамдықта бұған небәрі 22 секунд қана қажет екен.

Воин Кушич, жергілікті тұрғын:

– Мен құрылысшылардың, өзге де мамандардың кеңесін алғым келді. Алайда олардың барлығы бас тартты. Сөйтіп мен бұл идеяны ойымда сақтап келдім. Жүрегім ауырып, бір күні ауруханаға түстім. Сосын аман қалсам екен деп тіледім. Әйтпесе жобаны қағазға сызбай жүрдім. Маған бірдеңе болса, бұл идея ешқашан іске аспай қала ма деген қорқыныш болды.

Хабар 24 телеарнасы