Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Дегенмен, министрлер кабинетінің мүшелері жаңа үкімет жасақталмайынша өз қызметін атқара береді. Ал премьер-министрдің міндетін Ақылбек Жапаров атқарады.