COVID-19: Ресейде жұрт қоғамдық орындарда тегін тест тапсырып жатыр

Ресейде ковидтен бір күнде 973 адам көз жұмды. Бұл антиректорд. Сондай-ақ 28 мыңнан астам тұрғынның індет жұқтырғаны анықталды. Жұқтырғандардың 5 мыңға жуығы мәскеуліктер.

Осыған байланысты қаладағы қоғамдық орындарда тұрғындардан тегін тест алына бастады. Экспресс-диагностика орындары сауда орталықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінен ашылды. Сынақ тапсыруға келген азаматтар тек төлқұжатын көрсетеді. Нәтиже 10 минутта дайын болады және электронды медициналық картаға енгізіледі. 

Елена Самышина, №3 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Тест көбірек алынған сайын науқастар санын анықтау да жылдам жүреді. Ең бастысы, коронавирус жұқтыру тізбегін үзуіміз қажет. Тіпті сыртқы белгісі жоқ науқастар да дер кезінде анықталар еді.

Сондай-ақ...