Ауғанстанға €700 млн көлемінде гуманитарлық көмек беріледі 

Ауғанстан мен оған көршілес елдерге гуманитарлық көмек ретінде тағы 700 миллион еуро бөлінеді.

Вакциналау бойынша да біршама жәрдем берілмек. Ол үшін ауған елі бірқатар талапты орындауға тиіс. Атап айтқанда, адам құқығын сақтау және террористермен күрес жүргізу. Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін 300 миллион еуро қаржы бөлінетіні айтылған еді.

Қазір Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал өте нашар екені белгілі. Егер көмек болмаса, мыңдаған адам зардап шегуі мүмкін.