Кумбре-Вьеха жанартауы 3 ай бойы атқылауы мүмкін

Пальма аралынан тағы 800 адам эвакуацияланады. Жергілікті биліктің бұл шешіміне аймақтағы жанартаудың күшейе түсуі себеп.

Құтқарушылар халыққа тек үй жануарлары мен қажетті затты ғана алуға кеңес береді. Испания ұлттық геологиялық институтының мамандары Кумбре-Вьеха жанартауы 3 ай бойы атқылауы мүмкін деген болжам жасайды. Қазір аймақта жерасты дүмпулері толастамай тұр. Соңғы тәуліктің өзінде жер 64 рет сілкінген. Оның ең қуаттысы – 4,1 балл. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бірақ 100-ден астам үй қирап, инфрақұрылымдар мен ауыл шаруашылық алқаптары бүлінген. Бір жақсысы, қазір аралда қою қара түтін сейіліп, 3 мыңнан астам адам тысқа шыға алатын болды.

Айта кетейік, Кумбре-Вьеха жанартауы соңғы рет 1971 жылы атқылаған.

 

Сондай-ақ...