Boeing АҚШ-тағы қызметкерлерінен түгел егілуді талап етті

«Боинг» компаниясы АҚШ-тағы қызметкерлерінің бәрінен коронавирусқа қарсы вакциналауды талап ететінін мәлімдеді. Бұл шешім президент Джо Байденнің америкалық мердігерлерге қатысты жарлығына сәйкес қабылданған.

Құжатта желтоқсанның 8-іне дейін құрамында 100 адамнан артық қызметкері бар мекемелердің барлығы өз жұмысшыларынан Covid-19-ға қарсы вакцина талап етуі керектігі айтылған. Ал осы уақытқа дейін егілмеген қызметкерлер медициналық немесе діни тұрғыдан вакциналаудан босатылатыны туралы негіздеме тапсыруға тиіс. Билік бұл індеттің таралуын тоқтатып, экономиканы қалпына келтірудегі маңызды қадам дейді.

Сондай-ақ...