Өзбекстанда қыздардың компьютерлік сауаттылығы төмен боп шықты

Өзбекстанда қыз балалардың жартысына жуығының компьютерлік сауаттылығы төмен. ЮНИСЕФ ұйымының мәліметі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша Өзбекстанда қыздардың 43,5%-і компьютерлік сауаттылықтан хабары жоқ болып шықты. Ұлдар арасында бұл көрсеткіш 30%. Ал 14 пен 30 жас аралығындағы қыз-келіншектердің 68%-і интернетті мүлдем пайдаланып көрмепті. Бұл нәзік жандылардың білім алып, еңбек нарығындағы әлеуетін арттыруға үлкен кедергі болып отыр.