Солтүстік Корея басшысы «жеңілмейтін әскер» құруға уәде етті 

Солтүстік Корея басшысы «жеңілмейтін әскер» құруға уәде етті 

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен күресте жеңілмейтін әскер құруға ниетті. Бұл туралы ол елдің қорғаныс саласындағы жетістіктеріне арналған көрмеде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Солтүстік Корея жаңа қаруларды соғыс ашу үшін емес, елді қорғау үшін жасайды.

Айта кетейік, АҚШ билігі жақында Солтүстік Корея  ядролық қару жасаудан бас тартатын болса ғана оған қарсы санкцияларды жеңілдететінін мәлімдеген болатын. Бірақ Пхеньян әзірге Вашингтоннның бұл ұсынысына жауап қатқан жоқ.