Қытайда «Компасу» дауылынан бірнеше адам зардап шекті

Гонконгта «Компасу» дауылы соғып, 1 адам опат болды. Тағы 5 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта мемлекеттік органдар, мектептер және өзге де кеңселер жабылған. Порттардың жұмысы мен қоғамдық көлік тоқтады. Халықаралық әуежайда да рейстер кейінге шегерілді. Қазір өңірді басып өткен дауыл Оңтүстік Қытай теңізіне ауып Хайнань аралына бет түзеген. Тіпті екпіні күшейе түскен деген де ақпар бар.