Чилиде төтенше жағдай режимі енгізілді

Чили президенті Себастьян Пиньера елдің оңтүстігіндегі 72 ауданда 15 күнге төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидемиологиялық ахуал мен бүлік себеп. Ұзақтан бері жалғасып келген наразылық акцияларында мапуче атты байырғы халық биліктен  өз құқықтарының сақталуын және жердің қайтарылуын талап етеді. 

Айта кетейік, 2017 жылы өткен халық санағы бойынша Чили халқының 12 проценті мапуче ұрпақтары. Бүгінде олардың тең жартысы кедей аудандарда тұрады.  

 

 

Сондай-ақ...